Отандық ірі кинокомпания актер Шәріп Серікті «қара тізімге» енгізіп, барлық келісімшартты тоқтатты

Қазақстандық актер Шәріп Серікті бұрынғы сүйіктісі қол көтерді деп айыптады. Бұл ақпараттан кейін отандық Sәlem Entertainment компаниясы актермен барлық келісімшартты тоқтатты, деп хабарлайды Kznew.kz Kaz.nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы оқиғаларға байланысты Sәlem Entertainment ұжымы Шәріп Серікті «қара тізімге» енгізіп, онымен кез келген ынтымақтастықты толығымен тоқтатты.
Бұған дейін жарияланған «Шакал» сериалы мен Qarga сериалының үшінші маусымы жабылды», — делінген компания Instagram желісінде жариялаған хабарламада.
Сонымен қатар актер Meow сериалының екінші маусымында басты рөлдердің бірін ойнауы тиіс болған, алайда ол жобадан шететтілген.
Сондай-ақ хабарламада «Патруль: последний приказ» фильмінің шығармашылық ұжымы актер түскен көріністерді прокатқа шыққалы жатқан фильмнен алып тастау үшін белсенді жұмыс істеп жатқаны айтылған.
«Актермен барлық келісімшарт тоқтатылды», — делінген хабарламада.
коллаж: Orda.kz