Отандық боксшы өз жеңісін Головкин мен Денис Тенге арнады (видео) — новости Казахстана

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов өзінің кезекті қарсыласымен өткен жекпе-жекте жеңімпаз атанды. Бұл жолы спортшы WBC бойынша бірінші орта салмақтағы жастар әлем чемпионы белбеуіне ие болған деп жазады prosports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Instagram Коллаж: NUR.KZ
Басылымның мәлімдеуінше, отандық боксшы кәсіби рингте 22 жастағы мексикандық Абрахам Хуареске қарсы шыққан. Жекпе-жек канадалық Монреальде өткен.
Ахмедов үшін бұл қатарынан жетінші жеңіс болды. Ол бұған дейінгі кездесулерін де уақытынан бұрын аяқтаған болатын.
Жекпе-жектен кейін Садриддин өзінің Instagram парақшасына видео жүктеп, онда жеңісін Геннадий Головкин мен Денис Тенге арнайтынын хабарлады.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Дереккөз: kaz.nur.kz