Отандық бизнес-қауымдастық өз мәселелерін енді онлайн-режимде шеше алады

0
186

Баршамыз білетіндей, заманауи Қазақстанның қалыптасуына шағын және орта кәсіпкерлік едәуір әсер етті. Өйткені, дәл осы сала экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықтың негізі саналады. Оны ілгерілету – экономикалық әлеует пен әлеуметтік әл-ауқаттың артуына арқау болады. Сондықтан да бұл саланың әрі қарай да дамуы еліміз үшін аса маңызды.

Қазіргі таңда мемлекетіміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған факторлар өте көп. Мәселен, бизнесті дұрыс басқармау, бұрыс шешімдер қабылдау, кадрлық саясат, кәсіпкерлерді қорғайтын қаржылық жүйенің жоқтығы, инвестор мәселесі және де басқа әр-түрлі проблеманың бар екендігі барлығымызға аңық. Осындай мәселелермен күресуде әлем елдері қандай шешімдер қабылдады? Қандай жаңашылдықтар енгізді? Осы сұрақтарға жауап табу үшін әлемдік тәжірибеге тоқталсақ.

Бүгінгі таңда халықаралық аренада алпауыт компаниялар өздерінің бизнесін ілгерілету үшін, ондағы түйткілді мәселелерді шешу үшін цифрлық платформаларды кеңінен қолданады екен. Мұндай компаниялардың саны да жыл санап артып келеді. Солардың ішіндегі алпауыт компаниялар – америкалық Amazon мен қытайлық Alibaba компаниялары. Осының арқасында олардағы бизнес-модель өте жоғары деңгейде дамыған. Компаниялардың табысы артып, олардың дамуына барлық жағдай жасалған. Бұған қоса, кореялық Bizmeka компаниясы мен  сингапурлық Mybusiness кәсіпорны да цифрлық платформа бойынша жұмыс істейтін үздік компаниялардың қатарынан көрініп отыр. Bizmeka, Mybusiness, Alibaba және Amazon компанияларының цифрлық платформасының мақсаты – тауарлар сатуға, маркетинг, жеткізушілерді іздестіру, бухгалтерлік есеп және логистика саласында қажетті қызметтерді бір орталықтан алуға жағдай жасау. Нәтижесінде кәсіп иелеріне қолайлы жағдай жасалып, өздеріне қажетті қызметтерді ыңғайлы алуда. Қызмет алуға кететін уақыт та қысқарып, өндіріс орындарының өнімділігі артып жатыр.

Дегенмен, қазақстандық бизнестегі бірқатар мәселелерді шешуге арналған цифрлық платформа (Ismet.kz) елімізде де бар. Жобаның негізгі идеясы – елдегі бизнестің тиімділігін арттыру әрі нарықтағы барлық қатысушыларды бір платформаға біріктіру. Яғни, кәсіпкерлер, тұтынушылар және мемлекет бір алаңда тоғысатын болады. Осылайша, осы жобаны жүзеге асырушы «Қазақтелеком» АҚ отандық бизнестің дамуына үлес қоспақ. Олар ұсынып отырған сервис іс жүргізудің дәстүрлі форматын жаңартылған жайлы жағдайға алмастыруды көздейді.

Бүгінде шағын және орта бизнестегі шектеулердің көп түрі кәсіпкерлікпен айналысуға және іс жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Қазақстандық бизнестегі маңызды мәселе – тұтынушылық базаның аздығы. Аталған мәселе маркетингке бөлінетін қаржының жоқтығында. Ал Ismet.kz болса тауарыңызды жарнамалауға жәрдемдесетін болады. Сондай-ақ, оның құны тегін. Бұл әсіресе бизнесті жаңадан бастаушылар едәуір көмек. Отандық кәсіпкерліктегі тағы бір проблемалардың бірі ретінде инвесторлардың жоқтығын айтсақ болады. Бұл мәселені де ашық цифрлық платформа арқылы шешуге болады. Неге десеңіз, алаңның аясында ашық диалог орнатуға, байланыс жасауға болады. Елімізде көп компаниялар бәсекеге төтеп бере алмай, жабылып қалып жатады. Бұған басты себеп – бизнесті басқарудағы қателіктер. Осы проблемаға да цифрлық платформаның аясындағы қызметтер көмектесетін болады. Жаһандық нарықта электронды сауда саласы дамып келеді. Елімізде бұл көрсеткіш жыл сайын 30 пайызға артады екен. Бұл саланың дамуына да Ismet.kz платформасы өз септігін тигізеді. Мұндай пайдалы қызметтер саны мұнымен шектеліп қалмайды. Аталған тың жоба күн санап кеңейе түспек. Осылайша шағын және орта кәсіпкерліктегі көптеген мәселелер өз түйінін табатын болады.

«Қамшы» сілтейді