Отандық арна қызметкері тікелей эфирде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)
«Алматы» арнасының «Таңғы студио» бағдарламасының тікелей эфирінде «телеарна дауысы» атанған Қыдыр-жан Мұхатаев сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
Болашақ күйеу жігіт мұны бірнеше айдан бері жоспарлағанын айтады. Аталған жоспарға сәйкес, екеуі бағдарламаға қонақ болып келіп, соңында жігіт қызға ұсыныс жасайды.
«Біз ұзақ уақыт кездесіп жүрдік, оның үстіне бір телеарнада қызмет етеміз. Күнде көріскендіктен, бір-біріміз туралы жақсы білеміз, екеуміздің мінезіміз де, арман-мақсаттарымызда да бір арнаға тоғысатын. Жаздың соңында мен оны өзіме жар еткім келетінін түсіндім. Кейде өзара тойымыз туралы әзілдесіп, қалай болатынын өзімізше жоспарлайтынбыз. Бірақ қалай, қашан ұсыныс жасайтынымды білмедім.
Соңында ұсынысты тікелей эфирде, Жаңа жыл қарсыңында жасағаныма қуаныштымын. Қараша айының басында сақина сатып алдым. Алайда ол ұнамай, айдың соңында үстіне ақша қосып, сол сатушыға қайта барып бәрін түсіндірдім. Бірінші сақинаны өткізіп, өзімнің ойымнан шығатын гауһар тасы үлкенірек екінші сақинаны сатып алдым», — деді Қыдыр-жан Мұхатаев.
Сондай-ақ, ол «Алматы» телеарнасындағы барлық әріптестеріне алғысын айтты.
«Менің бұл ойымды қолдаған телеарна басшылығына, бағдарлама ұжымына, сонымен қатар ұсыныс жасайтынымды білсе де Адельге білдірмей жүрген әріптестеріме алғысым шексіз. Себебі жұмыста көп әріптестерім бұл идеямды білсе де, сүйіктіме сыр білдірмей, байқатпай жүрді. Олардың актерлік қабілеттері, шынында, мақтауға тұрарлық екен», — дейді Қадыр-жан.