Отандасымыз «Украина дауысының» ширек финалына өтті

0

Қазақстандық Диляра Дидарқызы «Украина дауысы» шоуының ширек финалына өтті.

Бойжеткен Тина Каролдың «Ноченька» әнін орындады. Қойылымнан кейін тәлімгерлердің бірі Надежда Дорофеева хит авторын қатысушымен бірге ән айтуға шақырды, оған Карол қуана келісті. Бұл туралы Orda.kz жазды.

Диляраның өзі «Ноченька» әнін бірінші рет естігенімен бөлісті.

– Бұл продюсерлердің шешімі болды. Бірақ мен оны абыроймен орындай алдым деген үміттемін. Мен оны Тина Каролға қарағанда басқаша орындадым, бірақ барынша тырыстым. Бәріне ұнады деп үміттенемін, – деді ол.

 

Диляра Таразда дүниеге келген. Бала кезінен бастап музыкамен айналысқан. Ата-анасы оны әрдайым қолдайтын. Диляра музыкалық мектепті бітірген соң Бішкектегі Бейшеналиева атындағы мәдениет және өнер университетінің эстрадалық вокалына оқуға түскен.

«Украина дауысының» жаңа маусымына Диляра Дидарқызынан басқа екі қазақстандық та қатысты: Сәуле Жұмабекова және Александр Лим. Алайда жекпе-жек кезінде олар келесі кезеңге өтпеді.