«Осындайда кімнің кім екенін түсіндіруге тура келеді»: Динара Сәтжан Меруерт Түсіпбаеваға жауап берді — Қазақстан жаңалықтары

0

Меруерт Түсіпбаева мен Динара Сәтжанның арасындағы дау қайта өршіді. Тележүргізуші өзін сынға алған әншіге жауап берді.

Бұған дейін Меруерт ханым Динара Сәтжанды қиын-қыстау кезеңде маска сатты деп айыптаған еді. Оны тегін үлестіруге болмас па деген ойын айтты. Оған тележүргізушінің айтары бар. 

«Бір әнші әйел әбден қытығыма тиіп бітті. Есімін жазбай-ақ қояйын. Бүгін оның мен жайлы айтқан сұхбатын жіберіпті. Ол мені маска тігіп сатты деп айыптады. Біріншіден, менің жұмысшыларымның да бала-шағасы бар, мен оларды ақшасыз қалдырғым келмейді.

Екіншіден, наурыз айында тіккен маскаларды әлі де жұмыс істеп жүрген журналист әріптестерімен таратып бергенмін.

Үшіншіден, ол әншіден айырмашылығымыз, әріптестерімізбен балалар ауруханасын барып, печенье, конфет, қияр, Агуша мен маскамызды тараттық. Дәрігерлерді қиын сәтті қолдадық. Енді сұрақ әшінің өзі не істеді?

Ол не айтса да, маған бәрібір, бірақ кейде кімнің кім екенін түсіндіру үшін осылай айтуға тура келеді», — деді тележүргізуші парақшасында.

Сәтжанның желі қолданушылары бірауыздан оны қолдап, пікірін айтты. 

«Сіз өзіңіз үшін жақсылық жасадыңыз, оның бәрін жария қылып қайтесіз? Ондай ақымақ емес едіңіз ғой», «Кім не айтса да, сөзін елемеңіз. Сіздікі өзінше дұрыс. Ол кісі бәрін сынайды да жүреді», «Маска сатқанда тұрған не бар? Сатып алуға да таппай қалып едік», — деп жазды желі қолданушылары. 

Меруерт Түсіпбаева бұған дейін коронавирусқа қатысты айтқан пікірі үшін Нұрлан Еспановқа ашуын төккен еді. 



stan.kz