«Осыларды көрсем, жүрегім ауырады». 17 жыл құлдықта болған қыздардың өнері көпшілікті елжіретті

0

17 жыл құлдықта болған қыздар қазір ем алып, хоббимен айналысып жүр. Соның ішінде Құндыз ән айтып шұғылданады, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Журналист Руслан Өтепбай Құндыздың ән айтқан видеосын желіге жүктеді.

«Құндыздың әнін бағалап жіберіңіздер. Ең сүйікті әні «Таңғы елес», — деп жазды журналист.

Көпшілік Құндыздың талантына таңдай қағып, лебізін білдірді. «Бұл қыздардың әрбір сәтіне қуанамыз ғой», «Осыларды көрсем, жүрегім ауырады», «жағдайы жақсарғанына қуаныштымын», «шамалы бойын тіктеп қалыпты», «әке-шешесі тірі болғанда тағдыры басқаша болар еді» деп жазды желі қолданушылары.

фото: әлеуметтік желіден