Семейге Әлиханның атын берейік: Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс түсті

0
976

«Ақ Жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазбек Иса дүйсенбі күні  үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды. 

Демократиялық партия төрағасының орынбасары Қазбек Исаның пікірінше, Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру керек.

«Петропавлды — Абылай ханның атымен Павлодарды — тәуелсіздік үшін күрескен Кенесарының атымен, Семейді — Әлихан Бөкейхановтың атымен атау керек. Біз осылай жалғастыру керекпіз», — деді Иса»Қазақстан-2050″ демократиялық күштердің Жалпы Ұлттық коалициясының отырысында.

Сосын ол өз пікрімен бөліскенін айтты. «Бұл менің жеке ұсынысым, сосын партияның фракциясымен отырыста көре жатармыз», — деп жауап берді Иса журналистерге.

«Ақ жол» демокартиялық партиясы парламенттік партия саналады. Оның мәжілісте депутаттық фракциясы бар.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының құрметіне Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды. Сол күні үкімет конституцияға сәйкесінше өзгертулер енгізді. 23 наурызда мемлекет басшысы өзгертпелерді бекітіп, жарлыққа қол қойды.