Осы жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны қысқарады – Тоқаев
Қысқа сілтеме алу
2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылар саны 25 процентке азаяды
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Биылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер саны біртіндеп қысқарады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Осы жылдан бастап мемлекетті қызметкерлердің саны біртіндеп қысқарады. Үнемделген ақша олардан гөрі пайдалырақ қызметкерлерді материалдық ынталандыруға жұмсалады», — деді Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервімен кездесуінде.
Министрлер мен әкімдер отставкаға кетеді: Бектенов жаңа заңды түсіндірді
Айтуынша, 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметшілер мен ұлттық компаниялардың жұмысшылар саны 25 процентке азаяды.
«Қазақстанға мемлекеттік басқарудың жаңа моделі қажет. Қоғамның сұраныстарына жауап беретін, тиімді әрі әділ. Сонымен бірге ол ең заманауи технологияларды қолдануға негізделуі тиіс. Осының барлығын ескеріп, біз мемлекеттік басқару жүйесін реформалауға кірістік»- деді президент.
Айта кетсек, Ақордада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жастар кадрлық резервімен кездесті.
Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам еніп отыр.
Кадрлық резервтің мақсаты – білікті басшылардың жаңа буынын қалыптастыру және жастар үшін әлеуметтік сатының ұтымды жүйесін құру. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдар босай қалған жағдайда, президенттік резервке іріктелген жастардың кандидатурасы қаралады.
sputniknews.kz