«Осы аурудан өлем, білем» – Жүрсін Ерман

0

Ақын Жүрсін Ерманның денсаулығы елді алаңдатып отыр.

Жансақтау бөліміне түскеннен бері әлі ем қабылдауда.

Ақынның желідегі парақшасында аурухана төсегінде жатып зайыбына арнап өлең оқыған видеосы жарияланды.

Видеодан Жүрсін Ерманның «Осы аурудан өлем, білем» деген сөздермен зайыбын шошытып алғанын көруге болады. Зайыбы Бақытжамал Ерманова ақынды дереу тиып, аузымен қолын жауып тоқтатты.

Желі қолданушылары ақынның амандығын тілеп, тілектерін жазуда.