Өскеменнен Тұрсынбек Қабатовтың «егізі» табылды (фото)

0

Өскемен тұрғыны Жанар Ахметованы көпшілік жиі белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа ұқсатып жатады екен. Бұл туралы желі қолданушысы өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

 

Жанардың сөзінше, желідегілер соңғы кезде одан «Тұрсынбектің туысысыз ба» деп жиі сұрайтын көрінеді.

«Менің оқырмандарым маған «Сіз Тұрсынбек Қабатовтың әпкесі не туысы емессіз бе?» деп жиі сұрақ қойып жүр. Олар біздің ұқсастығымыз барын айтады. Тұрсынбек Қабатов — Қазақстандағы танымал әзілкеш әрі тележүргізуші. Ал сіз қалай ойлайсыз, біз ұқсаймыз ба?», — дейді Жанар Ахметова.

Дереккөз: kaz.nur.kz