Өскеменде жүріп келе жатқан автобус өртенді

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

https://sputniknews.kz/images/91/67/916733.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/incidents/20200105/12460463/oskemen-avtobus-ort.html

«Поликлиника» аялдамасында «Кинг Лонг» маркалы №13 автобустың қозғалтқышы жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Бүгін Өскеменде жүріп келе жатқан бағдардағы автобус өртенді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Оқиға бүгін таңертең, сағат 08:40 шамасында болған. Буров көшесінің бойындағы «Поликлиника» аялдамасында «Кинг Лонг» маркалы №13 автобустың қозғалтқышы жанып кеткен.

Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті — видео

Өрттің жалпы аумағы – 1,5 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.

Altaynews порталының мәліметінше, мамандар өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану себеп болды деген болжам жасаған.  

 



sputniknews.kz