Өскеменде үш баланың анасы жоғалып кетті

0
Өскеменде үш баланың анасы жоғалып кетті


Өскемен тұрғыны Татьяна Бабарыкинаның отбасы бес ай болды одан еш хабар алмай отыр.

36 жастағы әйел 29 маусымда жоғалып кеткен. Татьяна – үш баланың анасы. Үйінде оны балалары мен жолдасы күтуде. Соңғы рет Татьянаны Защита ауданынан көрген.

Полиция қазір оны іздеумен айналысып жатыр. Әзірге еш хабар жоқ. 18 қарашада белгісіз ер адам қоңырау шалып, Татьянаны Риддерден көргенін, осы уақытқа дейін құлдықта болып, денсаулығынан айырылыпты деген ақпарат берген.

Сондай-ақ, ол Татьянаны үйіне қайтаратынын да айтыпты. Бірақ кейін әлгі адам жай қалжыңдағанын жеткізген. Дегенмен, туыстары ақпараттың жалған екендігіне сенбей отыр.

Дереккөз: altaynews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз