Өскеменде түнімен кітап оқыған бала бір күннен кейін бір-ақ табылды
Жасөспірім көрші аудандағы емханаға кетіп, үйіне қайта оралмаған.
Өскеменде жоғалып кеткен 13 жастағы Артем Григорьев аман-есен табылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бүгін таңертең Өскеменнің ЖМК ауданында 2005 жылы туған оқушы жоғалып кеткендігі туралы жазған болатынбыз. Туыстарының айтуынша, Кеше сағат 10.00 шамасында ол ЖМК (КШТ) ауданындағы емханаға кетіп, қайта үйіне оралмаған. Полиция жасөспірімге іздеу жариялаған еді.
Бүгін түс ауа Артемнің табылғаны туралы ақпарат келіп түсті. Баланың жақын туысы Евгения Григорьеваның айтуынша, ол кешеден бері кітапханада болған. Түнімен кітап оқыған оқушының туыстарына неге хабар бермегені әзірге түсініксіз
Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!
Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/