Өскеменде Тұңғыш Президент күнінде емхана ашылады

0
26 Қараша 2018, 19:24 197 0

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Облыс орталығы Тұңғыш Президент күнін бір апта бойы атап өтпек. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

1 желтоқсанға дейін облыстық Пушкин атындағы кітапханада Елбасының еңбектерінің көрмесі ашық тұрады.

27 қарашада Күленов кентінде емхана ашылады. Мекенжайы: Халықтар достығы көшесі, 1 үй.

28 қарашада облыс драма театр шаңырағында «Елбасы – ұлт мақтанышы» атты жиын болады.

29 қарашада О.Рыпакова атындағы жеңіл атлетика кешенінде жастардың флешмобы болады. Шығыс, Согра, Аблакет сынды ықшамаудандарда мерекелік концерт өтеді.

1 желтоқсанда Комсомол аралында мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық жарыс болады.

Стаханов көшесіндегі Дене шынықтыру кешенінде (ФОК) ардагерлер арасында бильярд пен шахмат сайысы болады.

Шығыс кентінде ұлттық ойындардан жарыс болады.

О.Рыпакова атындағы кешенде скандинавиялық жүрістен жарыс өтеді.

Іс-шаралар осы күні облыстық драма театрда «Елі сүйген Елбасы» атты кеш және Достық үйіндегі мәдени бірлестіктердің концертімен түйінделеді.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ