Өскеменде тағы төрт көшеге жаңа атау беріледі

22 Қараша 2018, 14:25
144
0



Астана, BAQ.KZ. Облыс орталығында атауы жоқ төрт көшеге жаңа атау беру туралы шешім қабылданды. Оның екеуіне Жақия Шайжүнісов пен Лев Гумилевтің есімдері берілмек.
Қалалық мәслихат депутаттары төрт көшенің жаңа атауын қолдады – 20-шы тұрғын ауданындағы екі көше мен Меновной кентіндегі екі көше.
Аltaynews.kz сайтының мәліметінше, 20-шы тұрғын ауданындағы № 9 көше Жақия Шайжүнісовтің есімімен аталады. Осы аудандағы № 11 көшеге Лев Гумилевтің есімі беріледі.
Ал Меновной кентіндегі тағы екі көше Мейірім және Армандастар деп аталатын болды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
Дереккөз: BAQ.KZ