Өскеменде көшеде ер адамның мәйіті табылды

0

Ер адамның мәйіті 25 желтоқсан күні КШТ ауданында жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің жанынан табылған. Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Алайда, ер адамның қайтыс болып кеткені белгілі болды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері марқұмның аты-жөнін анықтай алды. 

«46 жастағы ер адам облыс орталығының тұрғыны екені анықталды. Марқұмның не себептен қайтыс болғанын анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді», — деді ШҚО Полиция департаменті.

Дереккөз: sn.kz