Өскеменде көлік адам қағып кетті, соңында күтпеген оқиға болды – видео

0
41

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнынан қашып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр — Sputnik. Өскеменде көлікке соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен жаяу жүргіншінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Жаяу жүргінші көліктер саулап жатқан даңғыл жолды рұқсат етілмеген жерден қиып өтпек болған. Сол сәтте тұрғынды көлік қағып кетті, деп хабарлады Алтайньюс.

Жаяу адам ауыр жарақат алмағанға ұқсайды. Орнынан тұрып, жүгіріп кетіп қалды.

«Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылында болған. 30 жастағы ер адам рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған. Жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», – деп мәлімдеді полиция басқармасының баспасөз қызметі.



sputniknews.kz