Өскеменде кәмелетке толмаған қызды зорлап өлтірді деген күдіктіге қатысты сот үкімі шықты — Қазақстан жаңалықтары

0

[ad_1]

Алғашқы сот отырысында тұтқынға 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім қабылданды деп хабарлайды YK-news.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz. 

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты Қылмыстық кодекстің «Қасақана кәмелетке толмаған кісі өлтіру» және «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас» атты екі бап бойынша 2000 жылы туылған Өскемендік жасөспірімге үкім шығарды. Іс жабық сот отырысында қаралды.

«Айыпталушының жас ерекшелігіне, өз айыбын мойындауына және оң мінездемелерге байланысты жазаны ауырлатуға еш себеп жоқ. Керісінше бұл жағдайлар оң әсерін тигізді. Тұтқын 9 жылға бас бостандығынан айырылды», — деді Шығыс Қазақстан облыстық сотында БАҚ-пен байланыс жөніндегі төреші Назгүл Рахметуллина. 

Ескеріңізге сал кетейік, бұл қайғылы оқиға өткен жылы болған еді. 17 қыркүйекте полиция бөлімшесіне КШТ аймағындағы көпқабатты үйлердің бірінде 2003 жылы туған қыздың өлімне қатысты хабар түскен. «Адам өлтіру» бабы бойынша алдын ала тергеу амалдары басталған еді.

 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz