Өскеменде екі жүзге жуық адаммен байланыста боған әжейдің коронавирусқа шалдыққаны анықталды – Қазақстан жаңалықтары

0

Өскеменде екі жүзге жуық адаммен байланыста болған қарт әжейдің коронавирус жұқтырғаны анықталыпты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әжей

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ілияс Мұхамеджан мәлім етті. 

«1938 жылғы Өскемен тұрғыны өз бетінше рентгенге түсу үшін емханаға барыпты. Тексеру барысында оған өкпе қабынуы диагнозы қойылып, жедел түрде станционарға жеткізілген. Коронавирусқа тапсырған сынамасы оң нәтижені көрсетті», – дейді басқарма басшысы. 

Қазір 82 жастағы науқастың жағдайы орташа дейді мамандар. 

Қаңтар айында қарт тұрғын Ресейге сапар шегіп келген. Эпидемиялық тексеріс барысында науқаспен қарым-қатынасқа түскен 198 адам анықталыпты. 

Әжейдің жақын туыстары станционарға, ал қалғандары үйлерін карантинге жатқызыпты.

Қазір Шығыс Қазақстан облысында коронавирус жұқтырған үш адам тіркеліпті. 

 

 

 

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз