Домой Жаңалықтар Өскеменде 8 көпқабатты үй 22 жыл бойы жылусыз отырған

Өскеменде 8 көпқабатты үй 22 жыл бойы жылусыз отырған

0
27

Өскеменде 8 көпқабатты үй 22 жыл бойы жылуға қосылмаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Altaynews.kz сайтының жазуынша, қаладағы Жақсылық Омар Щербаков көшесінде 2000 жылдары кірпіш зауыты тоқтап, 8 көпқабатты үй, 150-ге жуық пәтер жылусыз қалған. 22 жыл бойы тұрғындар пәтерлерін теплофонмен, буржуйка қойып жылытып келіпті.

«Біз мұнда 1995 жылдан бері тұрамыз. Алғаш көшіп келген жылдары үй ыстық болатын, бірақ 2000 жылы кірпіш зауытының жұмысы тоқтап, біз жылусыз қалдық. Үйді түрлі тәсілдермен жылытқан кездер болды. Теплофон қосқанда қатты суық болды деп айта алмаймыз, бірақ айына 30-40 мың төлеуге мәжбүр болатынбыз», — дейді тұрғын Сағдат Қайырбосова.

Жылуға қосылу мәселесін тұрғындар әкімнің есеп беру кездесулерінде, әлеуметтік желілерде бірнеше рет көтерген.

«Қала әкімі Жақсылық Мұқашұлы кездесу сайын бұл мәселенің шешімі табылатынын, үйіміз жылуға қосылатынын айтып, уәде берген. Шынымызды айтсақ, біз сенген жоқпыз. 22 жыл бойы жылусыз отырғаннан кейін, бізге ол мүмкін еместей көрінетін. Бірақ қала басшысы сөзінде тұрды», — дейді Орталықтандырылған аумақтық басқарманың №10 филиалының директоры.

2019 жылы қалалық әкімдіктің тапсырмасымен мұнда жылу қазандығының құрылысы басталған.  Енді әр тұрғынның пәтеріне дейін жылу тартылды.