Өскеменде 200-ден астам сарбаз ант қабылдады

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 19:12 12

Өскеменде 200-ден астам сарбаз ант қабылдады


ӨСКЕМЕН. ҚазАпарат — Бүгін Өскеменде еліміздің түкпір-түкпірінен әскер қатарына шақырылған 200-ден астам сарбаз Ұлттық ұлан қатарында әскери ант қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№5518 әскери бөлімінде өткен салтанатты шараға жас сарбаздардың ата-аналары мен жақындары да қатысты.

«Биылғы ант қабылдау шарасы ел тәуелсіздігінің 27 жылдығына сәйкес келіп отыр. Бұл сәйкестік жігіттерге үлкен жауапкершілік артатынын түсіндірдік» — дейді бөлім командирі, подполковник Бақытжан Құлбаев.

Ата-аналарының алдында қабылдаған антты абыроймен атқарып шығу үшін бұл сарбаздар бір жыл бойы облыс орталығында қоғамдық тәртіпті күзететін болады. Қазіргі таңда Ұлттық ұлан өкілдері өңірдегі патрульдік қауіпсіздік қызметінің ажырамас бөлігіне айналды деуге болады.

Өскеменде 200-ден астам сарбаз ант қабылдады 

«Бүгінге дейін №5518 әскери бөлімінің  жауынгерлік құрамы 50 қылмыстың бетін ашып, 852 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесіпті. Осы ерліктері үшін марапат та алып жүр» — дейді Ұлтттық ұлан  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының  баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

 

 

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz