Өскемен тұрғыны Қызыл кітапқа енген жаралы құсты емдеп алды

0
18 Қараша 2018, 09:43 195 0

Фото: altaynews.kz

Астана, BAQ.KZ. Өскемен тұрғыны осыдан бір ай бұрын жаралы қыранды жолдан тауып алған. Оны емдеп, Орлик деген ат қойған. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

Ветеринарлық емханада қыранның енді қайта ұша алмайтынын айтқан, себебі қанатынан аса ауыр жарақат алыпты.

«Жарақаты оқтан болған секілді. Мұндай оқиғалар жиі болып тұрады. Қызық үшін құсты атып алып, жаралы күйінде тастап кете беретіндер бар. Мына қыран әлі жасқа да толмаған. Оны құтқарып, емдеу – үлкен ерлік», — дейді орнитолог Борис Щербаков.

Анықталғандай, мұндай ерлік қылмыс түріне жатуы да мүмкін екен. Жабайы құстарды өкілетті органның рұқсатынсыз құтқаруға, асырап, бағуға тыйым салынған. Егер Орлик қала тұрғынының үйінде өліп қалса, оның құтқарушысына айтарлықтай мөлшерде айыппұл салынар еді. Себебі бұл құс қырандардың сирек түріне жатады. Мұндай түрден әлемде 2000 құс қана қалған.

«Ал Қазақстанда, тіпті, саусақпен санарлық. Олардың барлығы торда ұсталады», – дейді Светлана.

Құстың күтімі қала тұрғынына аса қымбатқа шыққан, сондықтан Орлик емделгеннен кейін жергілікті хайуанаттар бағына беру туралы шешім қабылдады. Ол жерде құсты қабылдамады, өйткені Қызыл кітапқа енген құс өліп қалса, жауапкершілікке тартылу қауіпі бар.

Алматы қаласындағы хайуанаттар бағы мұндай жауапкершіліктен қашпай, құсты қабылдауға келісімін беріп отыр. Кеше Светлана мен Орлик пойызбен Алматыға қарай жол тартты.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ