Өскемен тұрғындары жаппай көшеге шығып, жолды жауып тастады

0
48

Өңірлер

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қаланың билік өкілдері «Восход» бау-бақша қоғамын электр желісінен ажырату себебін анықтамақ

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Өскемендегі «Восход» бау-бақша қоғамы тұрғындары көшеге шығып, көлік қозғалысына кедергі туғызды. Елді мекенде қарыз салдарынан электр энергиясын өшіріп тастаған.

«Восход» бау-бақша қоғамының тұрғындары

YK-news порталы хабарлағандай, жарық сөніп қалған соң тұрғындар аптап ыстықта сусыз отыр. Наразы халық көшеге шығып, жолды жауып, көліктерді жүргізбей қойыпты.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанда көпбалалы аналар тағы бас көтерді – видео

Оқиға орнына Өскемен әкімі Жақсылық Омар аттанады. Ол барғаннан кейін тұрғындарға бірден жарық берген.

Қала әкімі қарыздардың себебін анықтау мақсатында жұмыс тобын құруды тапсырды.



sputniknews.kz