Өскемен қаласының көшелеріне Әміре Қашаубаев пен Қалихан Ысқақтың аты беріледі
Содан кейін Октябрь көшесін қоғам қайраткері, алаш ардақтысы Мұхаметжан Тынышпаев, Крупская көшесін өнертанушы Евгений Брусиловский, Революционная көшесін қазақтың классик жазушысы Қалихан Ысқақ, Советская көшелерін Адольф Янушкевич пен Александр Затаевич, Дзержинский көшесін әйгілі әнші Әміре Қашаубаев, Киров көшесін орыс жазушысы Антон Чехов, Орджоникидзе көшесін тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов, Куйбышев көшесін Нарын, Калинин көшесін Шыңғыстау, Головков көшесін Бейбітшілік, І,Айтықов көшесін Асар, Октябрь аралындағы атаусыз саябақты Самал деп атау жөніндегі ұсыныстар талқыға түсті. Қалалық мәслихат депутаттарының басым көпшілігі бұл ұсыныстарға қолдау білдіріп, қолдарын көтерді.
Қалалық мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясы Өскемен қалалық филиалы төрағасының орынбасары Майра Екібасова жүргізген жиында Әлібек Қаңтарбаев, Түсіпхан Түсіпбеков, Серік Құсанбаев, Борис Щербаков, Гүлбаршын Абылғазина бастаған, Әділ Қаратай, Мұратхан Кенжеханұлы, Есімжан Нақтыбайұлы, Қызырбек Дүргінбай, Мирас Малғаждаров, Қанат Оралбек қостаған өскемендік зиялы қауым өкілдері, жастар өз пікірлерін айтып, белсенділік танытты. Енді бұл ұсыныстар республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберіледі.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
Өскемен