Өскемен маңындағы ұшақ апатына қатысты тың деректер шықты

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Дәрігерлер шалғайдағы ауылдан пневмониямен ауырған сәбиді алып кету үшін шыққан. Бірақ олар борттың техникалық ақауынан діттеген жеріне жете алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан – Sputnik. Қазақстанның шығысындағы Өскемен маңында санавиация ұшағының апаты туралы жаңа деректер шықты. Дәрігерлер сәбиге көмекке бара жатыпты. Олар науқасты Ақсуат ауылынан облыс орталығына жеткізбек болған. Бірақ жолда пилоттардың жоспары өзгерді – қозғалтқыш өртенді.

Санавиация борты 26 ақпанда Өскеменнен 500 километр жерде орналасқан Ақсуат ауылына ұшқан. Дәрігерлер пневмониямен ауырған төрт айлық сәбиді алып кетуі тиіс болатын, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бірақ елді мекенге бара жатқанда Ан-2 ұшағының қозғалтқышы жана бастаған. Ақауды байқаған пилот әуежайға қайтуды ұйғарған. Ол өртеніп жатқан әуе кемесін тұрғын үйлерден алыс жерге, далаға қондырған. Қону барысында ұшақ қарға батып, аударылып кеткен.

Бортта болған Өскеменнің санавиация бөлімі меңгерушісі Рафаил Халитовтың айтуынша, пилоттар мен дәрігерлер ұшақтан өз күшімен шыққан. Бірнеше минуттан соң құтқарушылар да келген.

Ал Шығыс Қазақстан облысы медицина орталығының бас дәрігері Юрий Старокожевтың айтуынша, апатқа ұшыраған ұшақ бортындағылар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ.

Тек екінші пилот Александр Иванов дәрігерлердің бақылауына алынды.

Телеарна мәліметінше, Ақсуат ауылындағы науқас сәбиге кейінірек тікұшақ ұшып шығыпты.

Атап өтсек, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің мәліметінше, бортта бес адам болған. Олар: дәрігерлер Асаубаев пен Халитов, экипаж – Шкулов, Шалыгин, Иванов.

Апатта қаза тапқандар жоқ.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз