Өскемен-Бобровка тас жолының бойына тұрғын үйлер салынады

0
20 Қараша 2018, 17:47 113 0

Фото: alldis.by

Астана, BAQ.KZ. Өскемен-Бобровка тас жолының бойына көппәтерлі екі тұрғын үй салынады. Бұл туралы altaynews.kz сайты хабарлайды.

10 желтоқсанда Глубокое ауданының Солнечная кентінде «Көппәтерлі тұрғын үйлер кешені» жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Кенттегі Мир көшесінде үш қабатты екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр екен. Бұл үйлерде 1, 2, 3-бөлмелі пәтерлер қарастырылған. Сондай-ақ, баспаналар көлік тұрағы, футбол алаңы және басқа нысандармен толықтырылады.

Жұмыс жобасында құрылыс орны Өскемен-Бобровка автожолынан бір жарым шақырым жерде орналасады деп көрсетілген.

Аталмыш баспаналар «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынады. Тапсырыс беруші – «Май дақылдарының тәжірибелі шаруашылығы» ЖШС.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:


Дереккөз: BAQ.KZ