«Оскар» жүлдесінен үміткерлер тізімі жарияланды

0

Америка киноакадемиясы «Оскар» жүлдесіне номинанттар тізімін жариялады. Биылғы жүлдеден үміткерлер қатарында «шет тіліндегі үздік фильм» санатында Альфонсо Куаронның «Рома» (Мексика) фильмі, Павел Павликовскийдің «Қырғи-қабақ соғыс» (Польша) фильмі, Хирокадзу Корээданың «Дүкенде ұрлық жасайтындар» (Жапония), Надин Лабакидің «Капернаум» (Ливан) фильмі, Флориан Хенкель фон Доннерсмарктің «Авторлығы жоқ жұмыс» (Германия) фильмі бар. Қазақстан атынан ұсынылған Сергей Дворцевойдың Мәскеудегі қырғыз мигрант қызының тағдыры туралы «Айка» драмасы бұл санатқа енбей қалған. «Айка» фильмі бұған дейін «Шетел тіліндегі үздік фильм» жүлдесінен үмітті тоғыз картинаның қатарында шорт-листке енген еді.

«Үздік режиссер» жүлдесінен Альфонсо Куарон («Рома»), Адам МакКейн («Билік» фильмі), Павел Павликовский (Қырғи-қабақ соғыс») және Йоргос Лантимос («Сүйікті») үмітті.

«Үздік актер» санатында жүлдеден Рами Малек (Богема рапсодиясы»), Кристиан Бейл («Билік»), Вигго Мортенсон («Жасыл кітап»), Брэдли Купер («Жұлдыз туды»), Итан Хоук («Бақташы күнделігі»), Уиллем Дефо («Ван Гог. Мәңгілікке қадам») үміткер.

Ал «үздік актриса» санатында жүлдеден үміткерлер қатарында актрисалар Ялица Апарисио («Рома»), Леди Гага («Жұлдыз туды»), Оливия Колман («Сүйікті»), Мелисса МакКарти («Мені кешіре аласыз ба?») бар.

«Оскар» жүлдесі 24 ақпанда Лос-Анжелесте тапсырылады.

Қарай отырыңыз: «Үздік әйел рөлі» номинациясын жеңген Самал Еслямова (мамыр айы, 2018)

Дереккөз: Азаттық