ОСК Қосановты Конституция талаптарына сай деп таныды
30 сәуірде Қазақстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) президенттікке кандидат болуға үміткер Әміржан Қосановтың Конституция талаптарына сай екені туралы қаулы шығарды. ОСК қаулысына сәйкес, Қосановқа қол жинау үшін қол қою парақтары беріледі.
Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, Қазақстанда 11 814 019 азаматтың дауыс беруге құқығы бар.
Заң бойынша, президенттіктен үміткерді сайлаушылардың кемінде бір пайызы қолдауы тиіс, яғни, әр кандидат 118 140 сайлаушыдан қол жинап өткізуі керек. Олардың қол жинауға 11 мамырға дейін уақыты бар. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырда сағат 18.00-ге дейін жалғасады. Кандидатты тіркеу кезеңі аяқталған соң үгіт-насихат кезеңі басталады және сайлауға бір күн қалғанда аяқталады.
29 сәуірде «Ұлт тағдыры» қозғалысының үміткері Әміржан Қосановтың тіл сынағынан өткені хабарланған. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуірде аяқталды. Кандидаттарды тіркеу 11 мамырда аяқталады.
Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер ұсынған барлық үміткердің есімі:
ЖСДП президент сайлауына бойкот жариялады. Ал Қазақстан мәжілісінің бұрынғы депутаты, Қазақстан құрылысшылары одағы президент сайлауына үміткер ретінде ұсынған Талғат Ерғалиев құжаттарын қайтарып алды.