ОСК Мәжіліс сайлауының түпкілікті қорытындысын жариялады

0

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындысын шығарды. 1. Amanat партиясы – 53,90% немесе 3 431 510 адам дауыс берді; 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90% немесе 693 938 адам дауыс берді; 3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адам дауыс берді; 4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді; 5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30% немесе 146 431адам дауыс берді; 6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам дауыс берді; 7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20% немесе 331 058 адам дауыс берді; «Бәріне қарсымын» бағаны – 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтың дерегінше, 5 және одан да көп пайыз дауыс жинаған саяси партиялардың арасында Мәжіліс депутатының мандаттары былай бөлінді: 1. Amanat партиясы – 40 мандат; 2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 8 мандат; 3. Respublica партиясы – 6 мандат; 4. Қазақстан халық партиясы – 5 мандат; 5. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 6 мандат; 6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 4 мандат.