ОСК АЭС бойынша референдум өткізудің күнтізбелік жоспарын бекітті
Орталық комиссия отырысында Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум өткізудің күнтізбелік жоспары бекітілді. Жоспарды комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров ұсынды.
▪️2 қыркүйек — референдум өткізу туралы Жарлықтың шығуы;
▪️12 қыркүйек — аумақтық және учаскелік комиссиялардың, референдум учаскелерінің құрамы туралы ақпаратты жариялау;
▪️15 қыркүйек — дауыс беру тізімдерін ұсыну;
▪️16-26 қыркүйек — азаматтарды референдум өткізілетін уақыт пен орындар туралы хабардар ету;
▪️3-5 қазан — бюллетеньдерді жеткізу;
▪️5 қазан — тыныштық күні;
▪️6 қазан — сағат 7.00 — ден 20.00-ге дейін-дауыс беру;
▪️7-8 қазан — дауыстарды санау және өңірлер бойынша қорытындылау;
▪️7-12 қазан — дауыс беру қорытындыларын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.
ОСК-дағы кейбір азаматтар үшін дауыс беру кестесінде ерекшеліктер қарастырылғанын атап өтті. Мысалы, вахтада жұмыс істейтіндер үшін.
Фото: ulysmedia.kz