Оштағы Жээнбеков қатысқан жиында ешкім ұйықтап отырған жоқ
25 сәуірде Қырғызстан президентінің өкілі цифровизация жайлы президент Сооронбай Жээнбеков қатысқан Оштағы форумда кейбір қатысушылар ұйықтап отырды деген ақпаратты жоққа шығарды. Курманбек Дыйканбаевтың сөзінше, видео арқылы тексеру жүргізіліп, ешкімнің ұйықтамағаны анықталған.
«Видеоны қарап шықтық. Жетекшілердің ешбірі ұйықтап отырмады. Бұл — жалған ақпарат. Соронбай Шарипулы форумда 10.00-ден 12.00-ге дейін болды. Түстен кейін форум тағы үш-төрт сағатқа жалғасты. Осы уақыт арасында әлдекім ұйықтап отырған шығар. Атқарушы билік қандай да бір шара қабылдар» деді Дыйканбаев Азаттықтың Қырғыз қызметіне.
22 сәуірде Ош қаласында «Цифрлық Қырғызстан: өңірлер дамуы» атты тұңғыш телекоммуникациялық форумы өткен. Форумнан соң әлеуметтік желіде ұйықтап отырған жиын қатысушыларының суреттері мен видеолары тараған.