«Орыстарды кейін көрдім, орыстан қорқып қашатынмын»: Болат Назарбаев балалық шағы туралы — Қазақстан жаңалықтары

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші інісі Болат Назарбаев балалы шағы туралы әңгімеледі. Меценат мектепке дейін тауда өскенін айтады. 

Бұл туралы AINA TV арнасында айтылды. 

Алматы облысының құрметті азаматы Болат Назарбаев радиожурналист Гүлмира Нәлібаймен сұхбаттасты. 

«Мен тауда өстім. Мектепке дейін Үшқоңыр тауында өстім. Ол кезде мектепке 8 жаста баратынбыз. 8 жасқа дейін тауда болдым. Ата-әжемнің баласы болдым. Ол кезде орыс көрмедім. Екі орыс тұратын Екеуі де қап-қара, көздері қара еді. Сол кезде орыстарды қазаққа ұқсайтын халық деп ойладым. Кейін Шамалғанға келгеннен кейін орыстың көзі көк, өзі сары болатынын білдім. Олардан қорқатынмын, көрсем қашатын едім», — деп күле балалық шағын еске алды. 

Айтуынша, ата-әжесінен айырылу өзіне ауыр соққы болған. 

«Ата-әжемді өте қатты жақсы көрдім. Олардан айырылу ауыр болды. Ата-әжем мені қатты еркелетті. Олай туған баласын да ешкім еркелетпейтін шығар. Өздері суырып салма ақындығы бар кісілер еді. Ақындығы бар, өздері әзілге жақын кісілер болды. Мен де көп жағдайда әзілдесіп жүремін. Менің сол қасиетім ата-әжемнен дарыған шығар деп ойлаймын», — деді ол.


Оқи отырыңыз:

Болат Назарбаев: Ағамнан осы күнге дейін бір қызмет сұрап көрген емеспін

«Ондай адамды әлі кездестірген жоқпын»: Болат Назарбаевтың махаббаты кім

«Көмектесіп тұрам»: Болат Назарбаев Мақпал Жүнісовамен ара қатынасы жайлы


 

stan.kz