«Орыстанған қалалар Ресейге өтуі керек»: Қазақстанның шығысын басып алуды ұсынған орыс жазушысы қайтыс болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Танымал орыс жазушысы, публицист Эдуард Лимонов 77 жасында о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Лимонов

Жазушы, саясаткер Эдуард Лимонов онкологиялық аурудың салдарынан ажал құшқаны айтылып отыр. Бұл туралы Лимонов негізін салған «Другая Россия» партиясының өкілдері жариялады. 

Еске салайық, бұған дейін партия басшысы Эдуард Лимонов өзінің сұқбатында Ресейдің империализмдік саясаты туралы айтып кеткен  еді. Өз сөзінде ол Қазақстанның орыстанған қалалары РФ-тің құрамына қосылуы керек екендігін жеткізген. 

«Бізді Қазақстанмен шекаралас жатқан орыстанған қалалар қызықтырады. Оралдан бастап Өскеменге дейінгі қалалардың барлығы РФ-тің құрамына өтуі керек», — депті Лимонов. 

 

 

 

stan.kz