«Орыс үйі» Қазақстанда «мәңгілік полк» шеруін онлайн түрде өткізуі мүмкін

0

9 мамыр күні Алматыда «мәңгілік полк» акциясы өтпек. Шараны Орыс үйі онлайн режимде ұйымдастырмақ, деп жазады Kznews.kz. Бұл туралы Arbat.media мәлімдеді.  

Онлайн-шеруді трансляциялау әлеуметтік желілерде жүргізілетіні атап өтілді.

«Біздің мақсатымыз – әр жауынгердің, әр батырдың жадын сақтап, ұрпаққа аманат ету. Бұл – болашақ жолындағы өткенге қарызымыз» делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2023 жылдың 18 сәуірінде ресейлік мемлекеттік БАҚ «қауіпсіздік» мақсатында Ұлы Отан соғысын еске алуға арналған «мәңгілік полк» мемориалдық шеруінің тоқтатылатынын хабарлады. Украинаға жаппай басып кірген Ресей армиясының үлкен шығынға ұшырауы осының себебі ретінде айтылады.