Орыс халқын осыншалықты безбүйрек деп ойламаппын — Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский ресейліктерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды kznews.kz сайты.
«Жасы жиырмаға жетпеген жас балалар өмір көрмей өліп жатыр. Біз олардың мүрдесін қайтарып бергіміз келеді. Өлі денені сақтап отырмаймыз. Бірақ Ресей тарапы украин жерінде оққа ұшқан өз жауынгерлерін керек етпей жатыр. Сонда олардың іздеушісі жоқ па? Ата-анасы ажалға айдап салған ұлының тағдырына алаңдамай ма? Путин үшін украин жерінде ажал құшқан орыс солдаттары қоқыс ретінде қалуы тиіс сияқты. Соған көзім жетті…» — деді Зеленский.
Зеленский өз сөзінде «Орыс халқын осыншалықты безбүйрек ұлт деп ойламаппын!» деп те айтты.