Өрттен зардап шеккен атақты әнші комада жатыр

0

Мәскеуде өрттен зардап шеккен Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникова жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, қазір комада жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 5-tv.ru басылымына сілтеме жасап.

Соңғы мәлімет бойынша, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі көмірқышқыл газынан уланған. Сонымен қатар, әншінің денесі бірнеше жерінен күйген: бетінің 20 пайызы, сондай-ақ әртүрлі дәрежеде басы, кеудесі және жамбасы күйген. Қазір әнші жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр, деп жазды басылым.

Оқиға Мәскеуде бейсенбі, 18 қарашда кешке болған. Құтқарушыларды бірінші болып әншінің қызы шақырғаны хабарланды. Пәтерден бес адам құтқарылды. Тек Хлебникова ауыр зардап шеккен.

Айта кетейік, бұған дейін Мәскеудегі Ратная көшесіндегі үйдің төртінші қабатында 10 шаршы метр аумақта өрт шығып, онда Ресей Федерациясының еңбек сіңірген әртісі Марина Хлебникова зардап шеккені хабарланған болатын. Өрттің шығу себебі темекіден деген болжам бар.