Өртенген үйдің 3-қабатынан әйел сәбиін лақтырып жіберді

0
Өртенген үйдің 3-қабатынан әйел сәбиін лақтырып жіберді


АҚШ-тың Даллас қаласындағы үй отқа оранып, адамдар ғимарат ішінде қалып қойды. 

Алайда көрші үйдің тұрғыны Байрон Кэмпбелл өртті байқап қалып, бірден көмекке ұмтылған. Ол үшінші қабаттың терезесінен құшағында сәбиі бар әйелді көреді. 

«Балаңды лақтыр дедім. Ол басында кібіртіктеп қалды, мен сәбиді тосып аламын деп уәде бердім. Ақыры ол сенді. Бұл адамның миына қонбайтын қауіпті әрекет еді. Бұрын-соңды мұндай жайтқа тап болмаппын», — дейді ер адам. 

Абырой болғанда, Байрон баланы құтқарды, ал ересектерді өзге тұрғындар матрас жайып, тосып алған. Ол кезде көмекке құтқарушылар мен өрт сөндірушілер де келіп жетіпті. Өрт салдарынан қырықтай адам баспанасынан айырылды. Ең бастысы, бүкіл тұрғын тілсіз жаудан құтқарылып, тірі қалған. Екеуі ғана аздап күйік алыпты. 

Дереккөз: Sputnik