Ортақ чатта бір-бірін мазақ еткен отандық жұлдыздардың әңгімесі тарап кетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары
Отандық жұлдыздардың ортақ чаттағы жазбасы жарияланып кетті. Онда әншілер бір бірін мазақ етіп, сөз таластырды.
Чатта Нұрлан Еспанов сөз бастады. Нұржан Керменбаев, Кәмшат Жолдыбаева, Айқын, Жұлдыз Өмірғали, Нұрболат Абдуллин, Ернар Айдар, Әбдіжаппар Әлқожа, Мәдина Сәдуақасова, Бүркіт, Ерке, Салтанат Бақаева, Гүлзира Айдарбекова, Төреғали, Қуандық Рахым, Ақбота Керімбекова, Мақпал Жүнісова, Гауһар Әлімбекова сынды әншілер жазысты.
«Салем, достар, қалайсыңдар?», деп сөз бастады Нұрлан Еспанов.
«Салем, Наурыздан кейін жоғалып кеттіңіздер ғой» деп жалғастырды Әбдіжаппар.
«Мен фототүсірілімдемін», деп жалаңаштанған суретін салды Кәмшат Жолдыбаева.
«Кама, сәлем, сен қойсайшы, кешке дейін жалаңаштана бердің ғой. Қазақтың қызысың ғой», — деді Еспанов.
«Есің барда елің тап», — деп қостады Нұржан Керменбаев. Оның сөзіне Әбдіжаппар қолдау білдірді.
Қазақ жігіттері Кәмшаттың жалаңаш образын сынға алды.
Кәмшатқа Мәдина Сәдуақасова араша түсті.
Әншілер бұдан әрі ән ұрлайтындар жайлы сөз таластырды. Ән ұрлаған әншілерді талқылап, кейбірі ақтап жатты.
«Астана туралы әндерім енді жарамайды, Нұр-Сұлтан деп қайта тапсырыс беру керек болды, — деді Алтынай Жорабаева.
Сөз арасында Төреғали «Мен секілді күзет жалдап жүруге болады ғой» деп қалды.
Қуандық Рахым Төреғалиге «Өзің халықтың баласы болсаң, халықтан неге қорғанып жүрсің?»деді.
Видеодан ортақ чатта жазысқан Гүлзира Айдарбекова мен Мақпал Жүнісова, Жазира Байырбекова, т.б. әншілердің не жайлы әңгімелескенін көруге болады.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
stan.kz