Орталық сайлау комиссиясы соңғы қорытындыны жариялады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Кезектен тыс президент сайлауында Қазақстан азаматтарының 77,4 проценті өз таңдауын жасады

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының қорытындысын жариялады. Соңғы қорытындыны Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ләззат Сүлеймен жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сайлаушылардың басым бөлігінің сеніміне ие болған Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болып сайланды. Екінші орынға «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан сайлауға түскен Әміржан Қосанов, ал үшінші орынға «Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаты, жалғыз әйел үміткер Дания Еспаева жайғасты.

  • Қасым-Жомарт Тоқаев — 70,96%
  • Әміржан Қосанов — 16,23%
  • Дания Еспаева -5,05 %
  • Төлеутай Рақымбеков — 3,04%
  • Амангелді Таспихов -1,98 %
  • Жамбыл Ахметбеков -1,82%
  • Сәдібек Түгел — 0,92%

Тағы оқыңыз: Қазақстанның әр өңірі бойынша кандидаттар қанша дауыс жинады?

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ең көп дауысты Алматы облысының, ал ең аз дауысты Маңғыстау облысының тұрғындары берген.

Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия және Ресей президенттері Тоқаевты сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап үлгерді.

Ұлықтау рәсімі қашан өтеді

Қазақстан президентін ұлықтау рәсімін 12 маусымда өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы шетелдік және отандық БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеген еді.

Заң бойынша жаңадан сайланған Қазақстан президентін ұлықтау рәсімі дауыс беру қорытындысы жарияланған күннен бастап бір ай ішінде өткізілуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Ұлықтау рәсімі қалай өтеді?

Президент халыққа ант берген соң қызметіне кіріседі.

Дауыс беруге қанша қазақстандық қатысты

9 маусым күні елорда уақытымен 20:00-де еліміздің басым аумағында сайлау учаскелері жабылды. Уақыт белдеуіне байланысты Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері астана уақытымен 21:00-де жұмысын аяқтады.

Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге келуінің алдын ала қорытындысын жариялады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған мәліметіне сәйкес, қазақстандықтардың 77,4 проценті дауыс берген.

Тағы оқыңыз: Шапан киіп келді: президенттікке кандидаттар қалай дауыс берді — видео

Дауыс беруге келген сайлаушылар саны жағынан Алматы облысы – 89%, Ақтөбе облысы – 84,9%, Шығыс Қазақстан облысы – 84,9% көш бастады.

Айта кетсек, 2015 жылы өткен президент сайлауында сағат 22:00-дегі мәлімет бойынша қазақстандықтардың 95,11%-і дауыс берген еді.



sputniknews.kz