Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі арта түседі

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Мемлекет басшысы өңірдің алатын орны туралы айта келе, Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі арта түсетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 ақпан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясында Орталық Азиядағы ахуалды талқылауға қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы қауіпсіздік жөніндегі 56-шы Мюнхен конференциясының панельдік сессиясында «Географиялық орналасудың маңызы: Орталық Азия туралы әңгіме» тақырыбында сөз сөйледі.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани да пікірталасқа спикер ретінде қатысты. Іс-шараға америкалық дипломат, халықаралық байланыстар жөніндегі кеңес президенті Ричард Натан Хаас модераторлық етті.

Іс-шара қызу пікірталас форматында өтті. Спикерлер модератордың сұрақтарына жауап беріп, Орталық Азиядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ойларын ортаға салды.

«Мемлекет басшысы өңірдің алатын орны туралы айта келе, Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөлі арта түсетінін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев форумға қатысушыларға Қазақстанның сыртқы саяси басымдығы және еліміздің Ресеймен, Қытаймен, Еуроодақпен, АҚШ-пен, сондай-ақ, Ауғанстанмен өзара қарым-қатынастары туралы әңгімеледі», — делінген ақпаратта.

Өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі арнайы тақырып ретінде талқыланды. Мемлекет басшысы есірткі тасымалына қарсы күрес жөніндегі шараларға, Қазақстанның терроризмге қарсы іс-қимылдарға қосқан үлесіне, «Жусан», «Русафа» операцияларының қорытындыларына егжей-тегжейлі тоқталды. 

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға өзінің президенттігінің басымдықтары, еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Осы ретте Президент экономиканы әртараптандырудың, инновациялар мен цифрландыруды дамытудың аса маңызды екеніне назар аударды. Сессия соңында Мемлекет басшысы жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.



sputniknews.kz