Орталық Азиядан шыққандар Швецияда «жарылыс жасамақ болған»

0
82

28 желтоқсанда Швеция прокуратурасы теракт ұйымдастырмақ болды деген күдікпен ұсталған алты адамқа ресми түрде айып тақты. Күдіктілер арасында Орталық Азиядан шыққан үш адам бар. Бұл туралы Швеция басылымдары хабарлады. Сот процесі 7 қаңтарда басталады.

Ел прокуратурасы «күдіктілер адамдарды өлтіру мақсатында химиялық жарылғыш заттарды сақтап келген. Теракт болған жағдайда адам шығына көп болар еді» деп мәлімдеді.

Швецияның «Dagens Nyheter» газеті ұсталғандар Қырғызстан мен Өзбекстан азаматы екенін жазды.

Прокуратураның хабарлауынша, ұсталғандар «Стокгольм орталығында теракт жасады» деп айыпталып, өмір бойына сотталған Өзбекстан азаматы Рахмат Акиловпен және ДАИШ тобымен байланыста болуы мүмкін. Күдіктілер тағылған айыпты мойындамайды.

Өзбекстан мен Қырғызстанның жауапты органдары бұл ақпаратқа қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Дереккөз: Азаттық