Орталық Азиядағы алғашқы Comic Con фестивалі Нұр-Сұлтанда өтеді

0

Нұр-Сұлтанда комикстер индустриясы мен оларға негізделген танымал өнерге арналған әлемдегі ең ірі фестиваль форматтарының бірі ресми түрде басталады. Disney, Marvel, Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros.Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер осы ауқымды іс-шараға қатысатынын растады. Іс-шараға арналған билеттер жобаның ресми сайтында сатылымға түсті.  

31 мамырдан 2 маусымға дейін Қазақстанда және Орталық Азияда халықаралық Comic Con фестиваль-көрмесі өтеді.

Comic Con фестиваль форматы алғаш рет АҚШ-та жүзеге асырылып, қазіргі кезеде комикс әуесқойларына, киномандарға, бейнеойындар, мультфильмдер мен сериалдар сүйетіндерге кеңінен танымал. Бүкіл әлем бойынша өтетін фестиваль дәстүрлі түрде комикстердің алып әлемі авторларының өз аудиториясымен кездесу орны болып табылады.

«Гик-әлемінің» маңызды оқиғаларының бірі Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылып отыр, ал Қазақстандағы ұйымдастырушылардың бірі — Astana Convention Bureau тұлғасындағы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі. Comic Con фестивалі қазақстандықтар мен Жақын және Алыс шетелден келген қонақтарды қосқанда, 70 000-ға жуық қонақтарды қабылдамақ. Іс-шара қатысушылары осы жылы шыққан комикстер әлеміндегі басты премьераларды көру, суперқаһармандардың костюмдерін кию, сүйікті әртістерімен фото жасау мүмкіндіктеріне ие болады.

Фестивальдің алуан-түрлі және мазмұнды бағдарламасы құқық иелерімен келісілген, сонымен қатар халықаралық студиялар мен компаниялар ұсынған арнайы көрсетілімдерді, косплейлер және жаңа топтамалар мен өнімдердің ресми таныстырылымдарын қамтиды.

Әлемдегі барлық ірі Comic Con фестивалдеріне қатысатын Disney, Marvel, World of Tanks ойынымен Wargaming, Turner (Cartoon Network), НВО (Home Box Office Int., Warner Bros. Entertainment), Nickelodeon және Sony Pictures Entertainment сияқты әлемдік брендтер фестивальге қатысуларын растады және ұйымдастырушыларға құқықтарын берді.

Фестивальді өткізу үшін «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК бюросының халықаралық патентінде Comic Con сауда маркасы ресми түрде тіркелгенін атап өткен жөн.

Тағы қосып айтатын жайт, ұйымдастырушылар фестивальге қатысуға барлық маңызды жергілікті және шетел авторларын, баспаларды, киностудияларды, компьютерлік және үстел ойындарын әзірлеушілерді, косплей жасаушыларды, танымал аниме және манга авторларын шақырды. Іс-шара қатысушылары комикстер әлеміндегі осы жылдың басты премьераларын көру, суперқаһармандардың костюмдерін кию, сүйікті әртістерімен фото жасау мүмкіндіктеріне ие болады.

Конкурстың қорытындысы бойынша, іс-шара ұйымдастырушылары авторларға өз жұмыстарын фестиваль алаңында тегін көрсету мүмкіндігін ұсынуға дайын.

«Біз Қазақстанның бұрыш-бұрышынан шығармашылық адамдарды фестивальге қатысуға шақыруға қуаныштымыз. Суретші-иллюстраторлар, сценарийшілер мен комикс авторлары, баспалары және косплейге қызығушылар өздерінің жұмыстарын фестиваль стендінде көрсете алады. Мультиәлем қаһарманы болу үшін бір кішкене тапсырманы орындау қажет – портфолио мен біздің Әлемде қандай қаһарман болатындығыңыз жайлы хат жазып жіберу»,дейді Бексултан Абдрахманов, «Astana Convention Bureau» ЖШС-нің Astana Events департаментінің бас менеджері.