Орта салмақтағы «ТОП-10» боксшы

0

Мықтылар көшін Шугар Рэй Леонард бастап тұр. АҚШ-тың даңқты боксшысы 1977 жылдан бастап, 1997 жылға дейін шаршы алаңды армансыз шайқаған еді. Табаны күректей 20 жыл аралығында ол 40 кездесу өткізіп, 36 рет жеңіске жетті. 25 қарсыласын есінен тандырды. 3 рет ұтылып, 1 бәсеке тең аяқталды.

Екінші орында – Бернард Хопкинс. Кәсіпқой рингте 30 жыл бойы жұдырықтасқан америкалық саңлақ өзінің соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың желтоқсан айында «шау тартқан» 52 жасында өткізді. Сол уақыт аралығында 67 мәрте шаршы алаңға шығып, 55 рет жеңіс тойын тойлады. 32 бәсекені мерзімінен бұрын аяқтады. 8 рет ұтылды, 2 рет тең түсті, тағы 2 кездесудің нәтижесі есепке алынбады.

Үшінші орынды Джои Джиарделло иеленді. 1930 жылы АҚШ-та туып-өскен ол кәсіпқойлар арасында 1948-1967 жылдар аралығында өнер көрсетті. 135 рет рингке көтеріліп, 100 мәрте жеңіс тойын тойлады. 32 кездесуде айқын басымдық танытты. 27 рет ұтылып, 8 бәсеке тең аяқталды.

Сондай-ақ, орта салмақтағы «ТОП-10» боксылардың қатарына Карлос Монсон (Аргентина), Марвин Хаглер (АҚШ), Нино Бенвенути (Италия), Эмиль Гриффит (АҚШ), Серхио Мартинес (Аргентина) және Родриго Вальдес (Колумбия) сынды саңлақтар енді.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»  

Дереккөз: http://egemen.kz/