Өрт сөндірушілердің Жамбылдағы жарылыс алдында түсірілген видеосы пайда болды

0

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысы Байзақ ауданында болған жарылысқа дейін және кейін түсірілген видео, фото-материалдар жариялануда. Роликтердің бірінде бірнеше өрт сөндірушінің жанып жатқан қоймаға су шашып жатқаны анық көрінеді. Арада бірнеше минут өткен соң дәл сол жерде жарылыс болған.

Taraz_v_obektive Instagram-парақшасында апаттан кейін түсірілген фотоматериалдар жарияланды. Онда күл-талқаны шыққан өрт сөндіру машиналарды аңғаруға болады.

Сондай-ақ, жақын маңда орналасқан ғимараттар мен автокөліктер де айтарлықтай зақымданған. Олардың фотолары әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Еске салайық, Байзақ ауданындағы жарылыс 26 тамызда кешкі сағат жеті шамасында болды. Апат салдарынан 13 адам қаза тапқан. Тағы үш адамды құтқарушылар әлі іздеп жатыр. Жүзге жуық адам жарақат алды.