Өрт сөндіруші ағасы Әлібиді іздеген қарындасы көпшілікті жылатты (видео)
26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орын алған жарылысқа кетіп, денесі табылмай жатқан өрт сөндіруші Әліби Кеңесті іздеген қарындасы, көпшілікті жылатты. Ағасын сағына күтіп жүргенін айтқан ол көзіне еріксіз жас алды, деп хабарлайды Taraz24 жаңалықтар қызметі.
— Менің ағамның жоғына үш күн болды. Менің ағамды тауып беріңіздерші. Мен ағамды қатты сағындым. Мен түсімде ағамды көрдім. Қолында үлкен жара бар екен. Мені құшақтап жатты. Менің ағамды тауып беріңіздерші — деді қарындасы Альбина Кеңес.
Ал, әкесі жарылайын деп тұрған снарядқа өрт сөндіру көлігін кіргізген ақылға сыймайтындығын айтуда.
— Жарылайын деп жатқан снарядтарға пожарныйды апарады. Қандай ақымақ істейді ондайды. Айналдырған 70 гектар қоршаудың ішін қарайды. Ол 70 гектар қоршаудың ішінде отыратын қой емес қой. Сыртқа шығып кетті ме ол. Сырттан біреулерді көрдім дейді. Шақырса келмейдіекі құлағын басып алып қашып бара жатыр дейді. Сондай бірдеңе болды ма деп іздеп жатырмыз — деді әкесі Бексұлтан Әзімбаев.
Еске сала кетейік, 26 тамыз күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданында орын алған жарылыстан кейін өрт сөндіруші Әліби Кеңес іс-түссіз жоғалып кеткен болатын.