«Орнымнан тұра алмадым»: Отандық әнші өміріндегі қиындықтарын ашып айтты

0

Отандық әнші Ayree NURTV.KZ-тің «Клип Show» атты жаңадан ашылған бағдарламасына келіп, түсірілім алаңында басынан өткен қиындықтарымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Nurtv.kz-тегі «Клип Show» бағдарламасында Мұхит Сапарбаев әншіге клипі жайлы сауалдар қойды.

Өз кезегінде Ayree бейнебаяндарды түсіру барысында ми қайнатар ыстықта жүгіргенін, суық суға түскенін жайып салды.

Тыңдармандарына сапалы туынды ұсынуға тырысқан әнші түсірілімнен соң орнынан тұра алмай қалған күндерін еске алды.

«Клиптегі 10 секундты көрсету үшін, 4 сағат бойы 50 градус ыстықта жүгірдім. Басыма парик киіп алғанмын. Күннің ыстығынан басым айналып жатыр. Бірақ мұның барлығын жұртқа сездірмеу керек.

Суық күндері мұздай суға түскен сәттер де болды. Келесі күні орнымнан тұра алмай қалатынмын.

Бірақ «Мұңайтпа енді» бейнебаянын осындай қиындықпен бір күн ішінде түсіріп шықтық», — деп ағынан жарылды әнші.

Cондай-ақ, клипке жыланмен түскен Ayree өзінің неден қорқатынын айтып берді.

«Мен тыңдармандарымды, жақындарымды жоғалтып алудан қорқамын. Мұның бәрі адами тұрғыдағы факторлар. Ал тірі жәндіктерден қорқу менің бойымда жоқ», — деп өз сырымен бөлісті әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Ayree-дің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар