Өрмекші адамды өмірге әкелген автор көз жұмды

0
Өрмекші адамды өмірге әкелген автор көз жұмды


Лос-Анжелесте Marvel комиксінің авторы, жазушы Стэн Ли 95 жасында қайтыс болды. 

Ли Седарс-Синай медициналық орталығында қайтыс болды, оны үйінен жедел жәрдем алып кеткен. Былтыр Лидің денсаулығы сыр берген. Ол пневмонияға шалдығып, көру қабілетіне байланысты қиындықтар болған.

Marvel Comics компаниясының президенті және директорлар кеңесінің төрағасы Стэн Ли Нью-Йоркта Румыниядан келген еврей отбасында дүниеге келген. Бронск аймағында мектеп бітіріп, 1942 жылдан 1945 жылға дейін әскери борышын өтеген.

Стэн Ли Marvel Comics компаниясын 1961-жылы Джек Кирбимен бірге құрған болатын. Олар “Фантастикалық төрттікті” ойлап тауып, кейін «Өрмекші адам», «Халк», «Икс адамдар», «Қара Қабылан және кек қайтарушылар», «Темір адам» қатарлы ондаған мульт-қаһармандарды жасап шығарды. Айта кету керек, Стэн Ли барлық Marvel фильм эпизодтарында ойнаған.  

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз