Ораза, Құрбан айт, Қадір түні, Рамазан, Мәуліт, Арапа, Миғраж түні

0
145

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

13 0 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер күнтізбесін бекітті. Алайда, діни мерекелердің күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Келесі жылы қасиетті Рамазан айы 25 сәуірде басталады, ал Құрбан айттың бірінші күні 31 шілдеге түсіп тұр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2020 жылғы діни күндер кестесін жариялады.

Келер жылы қасиетті Рамазан айы 25 сәуірге сәйкес келіп тұр. 20 мамырдан 21 мамырға қараған түні барша мұсылман Қадір түнін қарсы алады.

Ал Ораза айт 24 мамырда, Құрбан айт 31 шілдеде басталады.


©
Photo : muftyat.kz

2020 жылдың діни күндер кестесі

Ескерту:

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Алайда, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін.



sputniknews.kz