«Оранған әр әйелдің артында сақалды еркек тұрады». Әнуар Нұрпейісов мұсылмандарды балағаттады
Қазақстандық актер Әнуар Нұрпейісов мұсылмандарды балағаттады, — деп хабарлайды Kznews.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Намазхандардың көпшілігі уытты, үкім шығарғыш «душнила» болып келетінін байқадыңыз ба? Себебі қарапайым: оларға біз істеп жүрген көп нәрсеге тыйым салынған. Міне, сол себепті олар ашуланады», — деді ол.
Әнуар Нұрпейісовтің өзі осыдан 12 жыл бұрын бес уақыт намаз оқығанын, кейін өмірін өзгерткенін айтты.
«Төрт жыл бұрын мен йога кілемшесіне тұрдым және оның пайдасы мың есе артық болып шықты», — деп жазды ол.
Ол сонымен бірге атеистер мен агностиктердің көпшілігі дамыған елдерде тұратыны туралы статистикадан скриншотты бөліскен.
Осыдан кейін видеоүндеу жасап, мұсылмандардан кешірім сұраған.
«Құрметті мұсылмандар, әлемдегі ең асыл діннің өкілдері, сіздердің ашу мен ызаға толы пікірлеріңізді оқыдым және шындықты айтқаным үшін, дамыған елде тұрғым келетіні және сіздерді адекваттыққа, оқып білуге, ғылымға, алға қарай өрлеуге шақырғаным үшін кешірім сұраймын. Ислам мемлекетінде тұрғым келмейтіні үшін кешірім сұраймын. Ақты ақ, қараны қара дейтін өркениетті елде өмір сүргім келетіні үшін кешірім өтінемін. Кешіріңіздерші… Мен сіздерден қайта-қайта кешірім сұрай беремін. Иншалла, сіздер мені кешіресіздер деп ойлаймын», — деді ол сторисінде.
Актер осыдан кейін сторисінде Threads-тегі жазған жазбасын бөлісті.
«Әр ұлы еркектің артында ұлы әйел тұрады, ал әр оранған әйелдің артында сақалды еркек тұрады», — делінген жазбада.
фото: stan.kz